77. Бижамал Рамазанованың ғибратты ғұмыры. I бөлім

51:11
 
Поделиться
 

Manage episode 262294073 series 1455988
Сделано Findyourb.com и найдено благодаря Player FM и нашему сообществу. Авторские права принадлежат издателю, а не Player FM, и аудиоматериалы транслируются прямо с его сервера. Нажмите на кнопку Подписаться, чтобы следить за обновлениями через Player FM или скопируйте и вставьте ссылку на канал в другое приложение для подкастов.

Қайыржан Әлбазаров, биыл жасы тоқсан үшке таяп қалған туған әжесі Бижамал Рамазановамен 5 шығарылымнан тұратын аудио топтаманы шығармақ.

Бижамал Рамазанова - Советтік Қазақстанның әйгілі партия және мемлекеттік қайраткері. Ол кісінің еңбек жолы сұрапыл соғыс жылдары басталды. 1942 жылдың қыркүйек айында, екі айлық педагогикалық курсты тәмамдағаннан кейін, 15 жасар Бижамал мұғалімдік қызметін бастап, көп кешікпей комсомол қызметіне ұсынылды. 1963-1975 жылдары аралығында бірнеше лауазымды қызметте болған, оның ішінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының хатшысы, Республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, жиырма жылдан астам уақыт бойы Азия және Африка елдері ынтымақтастығы Қазақ комитетінің Төрағасы, Кеңес әйелдері комитетінің мүшелігінде қызмет атқарды. 1975-1982 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Бас архив басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында мемлекеттегі заңнама мен парламентаризмнің дамуына, Қазақстанның шет елдермен қатынасын нығайтуына және мұрағат ісін халықаралық деңгейге шығару мақсатында әжеміз үлкен жұмыс атқарды.

Бижамал Рамазанова 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», 2 мәрте «Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» және басқа да ордендерімен марапатталған.

Бұл шығарылымдар топтамасы – әжеміздің өмірінің ұзақ сапарына, басынан өткен тарихи оқиғалары мен кездесулеріне, атқарылған жұмысына деген өзгеше есеп беруі іспеттес. Әрі қазіргі тәуелсіз Қазақстанның мәдени, ғылыми және экономикалық негізінің құрылуына ерен еңбек еткен, мол үлес қосқан ұлы тұлғалар жайлы әңгіме.

Қонағымыз осы топтаманың алғашқы шығарылымында балалық шағы, қиын-қыстау ашаршылық пен екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ елінің ауыр халі туралы, әрі сол жылдардағы мұғалімдік қызметі мен сол кезден қалған жарқын естеліктері жайлы сыр шертпек.

Бижамал Рамазанова жайлы Уикипедиядағы ақпарат

Бижамал Рамазанованың «Тарихи кездесулер» атты кітабін жүктеп алу және оқу

Подкаст жүргізушіcі: Қайыржан Әлбазаров

Дизайн: Мариям Тоқанова

Осы шығарылымның жарыққа шығуына үлес қосқан Ақбота Мүлкібаева мен Әсем Сарышеваға, сондай-ақ шығарылымды музыкамен көркемдеген «Тұран» этно-фольклорлық ансамбліне алғысымызды білдіреміз

Тайм-кодтар:

6:48-6:54 - Ашаршылық Қазақстанға келген кереметтей бір қолдан жасалған ауыртпалық болды.

12:53-13:11 - Әкем мүлде айтты “Мына менің өзімнің туған жерім маған жақпады, мен енді қайтем жеті атам осы жерде тұрған едім, енді мен мына жалғыз қызымды алып кетем бұл жерден, басқа жаққа кетем маған бәрібір, кайда барсам да жалғызбын” деп сонымен мені алып кетеді.

20:54-21:13 - Менің әкемнің бір кереметтігі сол болды, мен үшінші класты бітіргеннен кейін, әкем мені қолымнан ұстап Алматыға алып келіп жүрді. Алматыға келу деген онда керемет қиын дүние. Соны алып келеді осында «Сен айналайын осы қаланы көруің керек, сен қалада туруың керек» деп айта береді.

29:40-29:45 - Тыл деген болмаса, бұл соғыс аяқталмайтын еді осылай. Тыл деген бірге ұстап тұрды ғой.

36:53-37:15 - Қалай адамдар бір қалыпты жақсы өмір сүреді екен? деген ойменен жүрдік.

38:08-38:13 - Баланың қандай қымбат екенін, адамның қандай қымбат екенін білдік.

43:13-43:27 - Балалар деген өмірдің қызығы, баласыз өмірдің қызығы жоқ. Барлық дүние келеді кетеді, қалатыны тек қана бала.

Эпизодты бізбен бірге Телеграмда талқылау 💬

Подкастты Patreon-да қолдау

Подкаст туралы толық ақпарат

==========================

Рассказ Бижамал Рамазанвой о пройденном пути

Часть I: о трудностях казахского народа в 30-40 годы ХХ века.

Каиржан Альбазаров выпускает серию из 5-и эпизодов со своей әже (бабушкой) Рамазановой Бижамал Рамазановной, которой в 2020-м году исполняется 93 года.

Бижамал Рамазанова – известный партийный и государственный деятель Советского Казахстана. Ее трудовая деятельность началась в суровые годы войны. С сентября 1942 года, окончив двухмесячные педагогические курсы, 15-и летняя Бижамал начала работать учительницей и вскоре была выдвинута на комсомольскую работу. С 1963 по 1975 годы она была секретарем Президиума Верховного Совета Казахской ССР, депутатом Верховного Совета республики, более двадцати лет являлась председателем Казахского отделения Комитета солидарности стран Азии и Африки, членом Комитета советских женщин. С 1975 по 1982 годы работала начальником Главного архивного управления при Совете Министров Казахской ССР. За эти годы ею была проделана огромная работа в формировании законодательства и парламентаризма в стране, укреплении отношений Казахстана с зарубежными странами и по выводу архивного дела на международный уровень.

Бижамал Рамазанова награждена орденами Трудового Красного Знамени (дважды), «Знак Почета» (дважды), «Құрмет», «Парасат» и многими другими.

Эта серия эпизодов - своеобразный отчет о долгом жизненном пути Бижамал Рамазановой, отчет о пережитых исторических событиях, встречах, проделанной работе и о той когорте людей, чьими выдающимися подвигами и самоотверженным трудом созидался культурный, научный и экономический базис современного независимого Казахстана.

В первом эпизоде подкаста наша героиня рассказывает о своем детстве, “голощёкинском” голоде (1932-1933 жылдардағы ашаршылық), тяжелом положении и самоотверженном труде казахского народа во время Второй мировой войны, своей учительской карьере во время войны и о самых ярких воспоминаниях того времени (30-40-ые годы ХХ века).

Бижамал Рамазанова в Википедии

Читать и скачать книгу Бижамал Рамазановой "Исторические встречи"

Интервьюер: Каиржан Альбазаров

Дизайн: Мариям Токанова

Благодарим Акботу Мулкибаеву и Асем Сарышеву за помощь в выпуске этого эпизода, а также этно-фольк группу “Туран” за предоставленную музыку.

Обсудить эпизод в чате 💬

Слушать подкаст в Yandex Music

Подробнее о подкасте

85 эпизодов