45. Манат Мұстафа: “Ұлтқа өзін-өзі сақтау үшін ғылым керек.”

1:18:15
 
Поделиться
 

Manage episode 231305809 series 1455988
Сделано Findyourb.com и найдено благодаря Player FM и нашему сообществу. Авторские права принадлежат издателю, а не Player FM, и аудиоматериалы транслируются прямо с его сервера. Нажмите на кнопку Подписаться, чтобы следить за обновлениями через Player FM или скопируйте и вставьте ссылку на канал в другое приложение для подкастов.

Др. Манат Мұстафа - ғалым-математик, профессор және "Балапан" телеарнасының сарапшысы.

Ашаршылық заманында ұрпақ сақтау мақсатымен шекара асып, Қытай жерін паналаған қазақ әулетінің ұрпағы Манат Мұстафа жастайынан қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқып, үлкендердің ел туралы сағыныш әңгімелерін тыңдап өскен. Сол себепті Отанға оралу - ол үшін үлкен бақыт, әрі ұрпақ алдындағы борыш.

Қазақстанға келгендегі қуанышы соншалықты мықты болғаны - өмір жолындағы қиындықтарқа қарамастан Манат Мұстафа жаңа ортаға, аралас қазақ-орыс тілге тез бейімделіп кетті. Қазақ Ұлттық Университетінде докторлық диплом қорғаған соң Манат Мұстафа ғылыми жұмысымен Сингапур елінде жұмыс жасайды. Ол елдің даму жолы мен ұстанатын бағытын зерттеп, жақсы қасиеттерін өзіне түртіп жүреді. Кейіннен елге келе Назарбаев Университетінде профессор атанып, білген-тергендерін шәкірттеріне айтып келеді.

Бұл эпизодта Манат Мұстафа ғылымның қоғам дамуына әсері жайлы, математикадағы шешілмеген есептер және Қазақстандағы математиктер қоғамы жайлы айтып береді. Сонымен қатар ұстаздық етудің қыр-сыры мен қазіргі жастар бойынан байқалатын ерекшеліктерді талқылап береді. Қапы қалмаңыз!

Подкаст жүргізушіcі: Дана Қамзабек

Дизайн: Мариям Тоқанова

Аудиомонтаж: Дана Нурмагамбетова

Эпизодты бізбен бірге Телеграмда талқылау 💬

Подкастты Patreon-да қолдау

Подкаст туралы толық ақпарат

85 эпизодов